ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДІК ҮРДІСТЕРДІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҒЫТТАУ
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
«Балбөбек» балабақшасы әдіскері Тулекова Гулсим Орынбасаровна
8 778 433 7213
Бала өзінің әлем жайлы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы мен мүмкіндігі бар оқуға белсенді қатысушы ретінде қабылдануы тиіс. Тәрбиелеу мен дамыту ерте балалық шақтан басталады, бұл ғылыми тұжырымдармен дәлелденген. Балаларды тәрбиелеуде отбасындағы жайлы жағдай, ата- аналардың моральдық қасиеттері зор маңызға ие. Сондықтан балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш- жігерін біріктіру қажет. Заманауи әлемдік үрдістер педагогтердің әр баланың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға баса назар аударатынын көрсетеді, яғни баланы дамыту, тәрбиелеу мен оқыту процестеріне жеке тәсілді қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларға басымдық беру қажет.
Дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестері тәсілдерін өзгерту. Қазіргі әлемде білімге деген көзқарас балалар өмір сүріп, өсіп жатқан, жылдам өзгеріп отыратын болмыспен бірге өзгеруде. Білімді баланың туылған сәтінен бастап өмір бойы жалғасатын процесс ретінде қарау білім беру процесін ұйымдастырудың икемді стандарттарын қабылдауды қажет етеді. Балалар көп уақытын білім беру ұйымдарында өткізеді, бұл балалардың мәдени және этникалық әртүрлілікке құрмет көрсетілетін үйлесімді, мейірімді, дамытушы, инклюзивті, әділ ортада балалық шағын өткізуі үшін тиісті жағдайлар жасаудың маңыздылығын түсінуге әкеледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау. Мектепке дейінгі білім беру сапасының деңгейі жоғары елдерде саладағы ағымдағы проблемаларды қадағалауға және тиісті ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік беретін эмпирикалық және қолданбалы зерттеулер тұрақты негізде жүргізіледі, ал педагогтер қызметін өзекті ғылыми деректерге сәйкес құрады, өз әрекеттеріне зерттеу жүргізе отырып, практикаларды, балалардың пікірлерін ескереді және кері байланыс орнатады, зерттеу қызметімен тұрақты түрде айналысады. Бұл үшін педагог шеберлігінің тиісті деңгейі және үнемі даму мен оқуға деген ұмтылыс қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін ғылыми негіздеу және қолдау мәселесін шешу үшін «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында Балаларды ерте дамыту институты, өңірлердегі әдістемелік кабинеттердің жанында балаларды ерте дамыту мәселелері жөніндегі мобильді топтар құрылды. Олардың қызметіне мынадай функциялар кіреді:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың педагог қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, оқыту әдістерін іске асыруда, мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеуде, білім беру процесін ұйымдастыру мен басқаруда, оны психологиялық қолдауда әдістемелік көмек көрсету;
- жұмыс тәжірибесін жинақтауды, талдауды және жүйелеуді қамтамасыз ету, жұмыстың тиімді нысандары мен олардың нәтижелері туралы деректер банкін құру;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту қызметінің бағытына сәйкес әдістемелік жұмыстың мазмұнын әзірлеу жөнінде шығармашылық топтар құру;
- педагогтерге әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі нысандары арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік жасау;
- мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогтеріне педагогикалық ұжымның және жеке педагогтердің жұмыс тәжірибесімен танысу үшін жағдайлар жасау.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау мақсатында
- білім беру қызметтерінің жоғары сапасына кешенді көшуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі сапалы білімге барлық балалардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету,
- мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі проблемаларды анықтау үшін мынадай мәселелер бойынша зерттеулер жүргізіледі:
- білім беру қызметтерінің сапасы,
- эргономикалық жағдайлар,
- теңгерімді тамақтану;
- білім беру қызметтерінің сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемшарттары,
- көрсетілетін қызметтердің сапасын өлшеу және оны арттыру бойынша шаралар қабылдау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын бағалау құралы әзірленеді;
- бүкіл әлемде кешенді бағалау құралы ретінде қолданылатын сәбилік шақтағы қоршаған ортаның ECERS рейтингтік шкаласын қолдана отырып, мектепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесі енгізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесіндегі педагог мынадай нәтижеге бағытталуы тиіс.
- білімді іске асыру жоғары оқу орындары мен колледждердің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің сапалық деңгейін арттыру мәселесін шешуде кешенді тәсілдерді болжайды:
- жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогикалық факультеттерінің білім беру бағдарламалары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кадрлар даярлауды көздеуі, тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын іске асыру үшін әдістемелік базаны, студенттердің педагогикалық практикадан өтуін қамтамасыз етуге тиіс;
- кадрларды даярлауда теория мен практиканың бірлігі үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің мектепке дейінгі ұйымдармен балаларды ерте дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылы қамтамасыз етілуі қажет;
- балаларды ерте дамыту саласындағы мамандықтар профессор- оқытушылар құрамының сапасын арттыру арқылы жоғары оқу орындарының институционалдық әлеуетін ұлғайту мақсатында
«Болашақ» халықаралық стипендиясының басым мамандықтар тізіміне енгізілетін болады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері:
- көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына мониторинг жүргізуді; дамытушы бағдарламалардың бағыттарын бірге анықтауды;
- балаға арналған дамытушы бағдарламаларды ата-аналармен бірге таңдау мүмкіндігін ұйымдастыру үшін балалардың қызығушылығын зерделеуде педагогке көмек көрсетуді;
- педагог практикасындағы нақты мәселелерді анықтауда оған көмек көрсетуді; педагогтерге ойын аймақтарын ұйымдастыруда, оқу ресурстарын таңдауда әдістемелік көмек көрсетуді;
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесін әдістемелік сүйемелдеуді; педагогтердің практикасын тәжірибе алмасуға, біліктілігін арттыруға, өзін танытуға мүмкіндік жасау арқылы жетілдіруді;
- инновациялық тәсілдерді енгізуді жүзеге асыруы тиіс.
Жаңа нормативтік-мазмұндық тәсілдерді іске асыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алдына ашықтықты, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды көздейтін нысаналы бағдарлар қойылады. Білім беру жүйесінің алдына қойылған міндеттер оқу-тәрбиелеу процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруды көздейді. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі:
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.
Қазіргі уақытта Заманауи әлемдік үрдістерді жүзеге асырудың кешенді жоспары әзірленді. Жоспар келесі 10 бөлімнен тұрады:
2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту; нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін әдістемелік қолдау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жетілдіру;
мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
педагогтер мен мектепке дейінгі ұйымдардың сапалық деңгейін бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу;
педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту;
мектепке дейінгі сапалы білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету; тәрбиелеу мен оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын құру;
мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыруды дербестендіру.
Мектепке дейінгі әдіскер қызметінің негізгі бағыттары да осы заманауи әлемдік үрдістерді жүзеге асыруды көздейді.
Бүгінгі күні балабақша педагогтары алдында екі негізгі мақсат тұр, балабақша басшысы балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды анықтайды және жүзеге асырады.
Бірінші мақсат – бұл барлық балалардың физикалық сапа және еңбек ете білуін дамыту, білім, дағды және танымның нақты жүйесін анықтау, өздерінің танымдық қажеттіліктері мен интеллектуалдық қызығушылықтарын қанағаттандыру, өз ақыл-ес мүмкіндігі мен тәуелділігін толық түрде ашуға мүмкіндік алу. Бұл мақсатты бала мына жағдайда жүзеге асыра алады: балабақша әкімшілігі, педагогикалық ұжым бұл үшін жағдай жасауға мүмкіндігі бар және жағдайы бар.
Екінші мақсат – әр баланы мәдениетке, адамгершілік, шығармашылық, белсенділік және әлеуметтілікке тәрбиелеу. Бұл мақсат балабақшаның оқу- тәрбие үдерісінде жүзеге асады.
Әдіскер жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
- танымдық;
- диагностикалық;
- бақылау-түзету;
- болжау.
Мектепке дейінгі әдіскер жұмысының үшінші бағыты балалар отбасымен ынтымақтастық болып табылады. Баланың ортасын, отбасының материалдық және рухани жағдайларын білу, әдіскерге және оның әріптестеріне балаға қиын жағдайларда ғана емес, сонымен қатар, бала тәрбиесінде күрделі мәселелерді ескертуге мүмкіндік береді. Бұл жерде әдіскер жұмысында қызмет тетігі жүзеге асырылады. Бұл ата-аналарды мәдениетке баулу, отбасы диагностикасы, диагностикалық зерттеу банкісін құру. Балабақша әдіскері өз қызметінде әртүрлі функцияларды орындайды: ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік.
Тәрбие мен білімнің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы- мектепке дейінгі мекемелер. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей тәрбиешілер үнемі ізденісте болуы тиіс. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан, жаңартылған білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім
беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Міне осыған байланысты тәрбиешілер алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазіргі заманауи оқу-тәрбие үдерісіндегі білім беру технологиялары Алматы қаласы.
- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Н.Ә.Назарбаев мақаласы
- «Мәңгілік ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы. Астана. 2016
- Логика 5-7 жастағы балаларға арналған Т.И. Идилова 2009ж. Алматы кітап.