«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЙҒЫР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІНІҢ «БАЛБӨБЕК» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істерінің 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына және білім бөлімінің 30.06.2020 жылғы №141-н бұйрығына сәйкес 01.06.2020-31.12.2020 аралығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Балбөбек» балабақшасы Қазақстан Республикасының төмендегідей Заңдарымен жұмыс жасайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы ,Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы » Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін ( Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434- V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, осы санаттағы нақты лауазымының мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.Ішкі талдау бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.Жұмыс барысында Заңдар бойынша қарама-қайшылық жағдайлар анықталмады. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:
Персоналды басқару,соның ішінде кадрлардың ауысуы
Балабақшада 2021 жылы штаттық кестесіне сәйкес қызметкерлердің саны-45. Мемлекеттік штат бірлігі-43,65.
Тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.
Жұмысқа қабылдаудың әрбір фактісі заңнамамен қарастырылған процедураға сәйкес жүргізіледі.
Сонымен қатар балабақша қызметкерлерімен иқабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тиымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Талдау жүргізу кезінде мемлекеттік қызметтен жұмыстан шығару қызметі бойынша жоғарылату немесе төмендету фактілері болған жоқ.Сонымен қатар балабақша қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ. Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақтауы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері үнемі қарастырылып, мемлекеттік қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады.
Қорытынды: МКҚК «Балбөбек» балабақшасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізілуді жетілдіре жалғастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Жұмыс тобының мүшелері: 1.С.Тасқынбаева-тәрбиеші 2.Г.Молотова-тәрбиеші 3.З.Хитахунова-аспаз
4.М.Өмешбеков-күзетші
2020 жылғы 25 маусым
№1 бұйрығына қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобының ҚҰРАМЫ
Топ төрайымы: Ч.Муратова Топ мүшелері:С.Тасқынбаева
Г.Молотова З.Хитахунова М.Өмешбеков