Розиева Наргиза Акиевна. 1986 жылы 28 мамырда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында туылған. 2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне түсіп, 2008 жылы педагог-психолог мамандығы бойынша үздік(қызыл) дипломмен бітірген. 2018 жылы Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне екінші рет түсіп, 2020 жылы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу" мамандығы бойынша
үздік(қызыл) дипломмен аяқтады. Педагогикалық еңбек өтілі-11 жыл.
Наргиза Акиевна алғаш рет еңбек жолын Ж. Құдайбергенов атындағы &2 орта мектебінен бастаған. Ол өмір бойы мектептерде, интернатта,
балабақшаларда тек қана балалармен жұмыс істеп, олардың үйлесімді, жан- жакты дамыған тұлға ретінде қалыптасуларына өз үлесін қосқан. Наргиза Акиевнаның облыс, аудан көлемінде еңбегі үшін біршама жетістіктері бар.
Наргиза Акиевна 2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап "Аяла" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына меңгеруші болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 11 қарашадағы №559 бұйрығына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-1 тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына сәйкес
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу туралы заңына сәйкес 2022 жылдың 1тамызынан» Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Балбөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына меңгерушісі болып тағайындалды.
Пікірлер қосу